Токиода өтетін XXV жазғы Сурдлимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын ұстау құрметі ұлттық құрама команданың дзюдошылары — Айдос Түгелбаев пен Анна Крамороваға берілді.
Бұл мәртебелі таңдау – спортшыларымыздың жоғары жетістіктерін, табандылығын және елдегі сурдлимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан зор үлесін мойындау.
Қазақстанның Сурдлимпиада комитеті айтулы додаға спортшыларымыздың қатысуы ел намысын абыроймен қорғап, рух пен кәсібиліктің жарқын үлгісін көрсететініне сенім білдіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1098278?lang=kk

Жауап қалдыру