Ташкенттегі «Жібек жолындағы туризм» халықаралық туристік көрмесі аясында пленарлық сессиялар мен іскерлік бағдарламаның негізгі іс-шаралары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ташкентте «Жібек жолындағы туризм» атты 30-шы Ташкент халықаралық туристік көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және туризм саласындағы болашағы зор бағыттарды ілгерілетуге бағытталған бірқатар ресми іс-шаралар, пленарлық отырыстар мен кездесулер өтті.

Орталық Азия көрме орталығы Expo Uzbekistan (CAEx) алаңында Ислам ынтымақтастығы ұйымының Туристік форумы ашылды. Форумның ашылуына ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев, Өзбекстан Республикасының Туризм комитетінің төрағасы Умид Шодиев және ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары Ахмад Кавес Сенгендо қатысты. Ахмад Кавес Сенгендо ислам туризмін дамыту және ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен бастамаларды кеңейту маңыздылығын ерекше атап өтті.

Форум аясында өткен пленарлық сессияда Комитет төрағасы ислам туризмін дамытудың басым бағыттары туралы баяндама жасады. Ол бірлескен мәдени-тарихи бағыттарды ілгерілету, қызмет көрсету сапасын арттыру және туристік инфрақұрылымды халықаралық стандарттарға сай жетілдірудің маңызын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/press/news/details/1115656?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді