
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2024 жылғы 28 маусымдағы №46 бұйрығына сәйкес 2024 жылы 31 желтоқсанда 2025 жылға арналған Өнімді сатып алу жоспары бекітілді.
Өнімді сатып алу жоспарына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін ресми тізілімге енгізілген және жыл ішінде мониторинг барысында анықталған өнімдер, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, БАҚ пен әлеуметтік желілерден қауіпсіздік талаптары бұзылғаны туралы нақты ақпарат түскен өнімдер, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқа елдерден және халықаралық ұйымдардан сәйкес келмейтін өнімге қатысты ақпараты негізіндегі тапсырмалары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2025 жылы өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін барлығы 988 сынама өнім сатып алды. Оның ішінде 618 тамақ және 370 тамақ емес өнім (тауар). Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде 331 сынамада сәйкессіздік анықталды. Оның ішінде 73 тамақ және 258 тамақ емес өнім (тауар).
Техникалық регламенттердің талаптарын бұзудың негізгі түрлері өндірушілер тарапынан таңбалау қағидаларын сақтамау болып табылады, бұл анықталған барлық бұзушылықтардың 98,8%-ын (327 сынамада бұзушылық) құрады. Таңбалауда өндірушінің орналасқан жері, жарамдылық мерзімі, өндірілген күні туралы мәліметтері жоқ, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымы үшін бірыңғай таңбасы көрсетілмеген және мемлекеттік тілде ақпарат ұсынылмаған. 2 сынама микробиологиялық көрсеткіштерге, 1 сынама физикалық-химиялық көрсеткіштерге, 4 сынама органолептикалық көрсеткіштерге және 1 сынама тұтынушыларды бұрмалау (май қышқылы құрамының ауытқуы) бойынша нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келмейді.
Анықталған сәйкессіздіктер бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары техникалық регламенттердің талаптарына және Еуразиялық эканомикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді сатудан алып қою және кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 83 қаулысы берілді.
Берілген қаулылардың негізінде облыстың сауда объектілерінде сатудан алып тасталды: 4,32 кг сүт және сүт өнімдері, 45,0кг құс ет және құс өнімдері, 0,8кг басқа өнімдері, 4,8 кг май өнімдері, 0,9кг алкогольсіз сусындар, 4кг ұн өнімі.
Сәйкессіздік анықталған өнімдер бойынша сауда нысаналарына жүргізілген тергеп-тексерулер саны- 31, нәтижесінде 1-әкімшілік хаттама толтырылып, 88470тг айыппұл салынды. Жоспардан тыс тексерулер саны-33.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1151715?lang=kk

Жауап қалдыру