
Дүниежүзілік сайлау күні – сайлау органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы күн жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде аталып өтеді. Бұл мереке 2005 жылы Венгрияның Будапешт қаласында өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында белгіленіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауына ие болды.
2026 жылы Дүниежүзілік сайлау күні 5 ақпанға сәйкес келеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен 2026 жылғы 26 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік сайлау күні» апталығы өткізіледі.
Апталық аясында азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жастардың сайлау үдерісіне қызығушылығын оятуға бағытталған пікірсайыстар, дебаттар, кездесулер, тәрбие сағаттары және өзге де ақпараттық-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/press/news/details/1151707?lang=kk

Жауап қалдыру