Департаменттің 2025 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28 қаңтар күні Департамент басшысы М.Т. Муратбековның төрағалығымен 2025 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды кеңес өтті.
          Өткен жылы Департамент негізгі бағыттар бойынша тиімді жұмыс жүргізіп, соның нәтижесінде барлық белгіленген индикаторларға қол жеткізіліп, қойылған міндеттер толық орындалды.

Департамент басшысының орынбасары Р.С. Ниязбекова медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің жұмысы мен Алматы қаласындағы мүгедектік жағдайы бойынша қорытынды баяндама жасады.
Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің басшылары               К.К. Бимурзаева мен Д.Б.Бердыбаева қала тұрғындарына зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау, заңсыз алынған қаражатты өндіру бағытындағы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Р.Д. Искаков Департаменттің әлеуметтік инспекторлары тарапынан мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізілген жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы ақпарат берді. Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Л.М. Чикабаева персоналмен жұмыс, моральдық-психологиялық ахуал және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу нәтижелерін қорытындылады.

📌 Департамент басшысы 2026 жылға арналған жұмыс басымдықтарын айқындап, әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға, белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы аумағында жаңа жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша №3 МӘС бөлімінің басшысы Ш.Н. Кудайбергеноваға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 🏅 «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалі табысталды.

Әрбір бағыт бойынша жұмыс нәтижелері туралы келесі жарияланымдарда оқи аласыздар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1151533?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді