
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Орталық Азия үйлестіру кеңсесінің басшысы және Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының елдік кеңсесінің өкілі Джерен Гюреспен кездесті.
Кездесу барысында Министр Әділет министрлігі мен «БҰҰ-әйелдер» құрылымы арасындағы жемісті ынтымақтастықты атап өтті, сондай-ақ өткен жылы БҰҰ алаңында өткен Әмбебап кезеңдік шолу мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт шеңберінде ұлттық баяндамалардың қорытындылары бойынша алынған ұсынымдарды іске асыру жөніндегі жоспарларды ұсынды.
Тараптар Қазақстандағы әйелдер құқықтары саласындағы жағдайды жақсартуға, сондай-ақ алынған ұсынымдарды іске асыруға бағытталған бірқатар маңызды іс-шараларды өткізу туралы уағдаласты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогтың нәтижелі сипатын атап өтіп, сындарлы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1151573?lang=kk

Жауап қалдыру