ҮЕҰ өкілдерімен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі прокуратура органдарымен бірлесіп, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:

✔️ ҮЕҰ деректер базасына мәліметтерді уақтылы және дұрыс ұсынуды қамтамасыз ету;

✔️ интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары.

Қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру және цифрлық кеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.

Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1151719?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді