Жұқпалы емес аурулар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұқпалы емес аурулар – адамнан адамға берілмейтін, ұзақ уақыт бойы баяу дамитын аурулар тобы. Оларға мыналар жатады:

  1. жүрек-қан тамырлары аурулары (инфаркт, инсульт);
  2. онкологиялық аурулар;
  3. созылмалы респираторлық аурулар (созылмалы обструктивті өкпе ауруы, астма);
  4. қант диабеті.

Жұқпалы емес аурулар әлем бойынша өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Статистикалық деректерге сәйкес, жыл сайын бұл аурулардан 40 миллионнан астам адам қайтыс болады, бұл әлемдегі барлық өлім жағдайларының шамамен 71%-ын құрайды.

Жұқпалы емес аурулардың дамуына әсер ететін негізгі қауіп факторлары:

  • темекі өнімдерін пайдалану;
  • дене белсенділігінің жеткіліксіздігі;
  • дұрыс емес, теңгерімсіз тамақтану;
  • алкогольді шамадан тыс тұтыну.

Аталған факторлардың ішінде ең маңыздысы – қан қысымының жоғарылауы. Сонымен қатар, артық салмақ пен семіздік, қандағы глюкоза деңгейінің жоғары болуы да аурулардың даму қаупін арттырады. Қазіргі таңда артық салмағы бар балалар санының көбеюі алаңдаушылық тудырып отыр.

Қауіп факторларын азайтуға бағытталған алдын алу шаралары:

  • ауруларды ерте анықтау (жыл сайынғы профилактикалық тексерулер, диспансерлік бақылау);
  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек аясында уақтылы және тиімді ем жүргізу;
  • тұрақты дене белсенділігі (күн сайын 30–40 минут жаттығу жасау, таза ауада серуендеу, күніне 10.000 қадам жүру);
  • жағымды эмоциялар мен психологиялық тепе-теңдікті сақтау;
  • күн тәртібін ұстану және дұрыс, теңгерімді тамақтану.
  • уақытылы ұйықтау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1151415?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді