Атырауда полиция отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
27 қаңтардан бастап облыс аумағында тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы шара аясында №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, жанжал жиі орын алатын отбасыларды тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Аталған аумақта жыл басынан бері «102» арнасына 100-ден астам хабарлама келіп түскен. Нәтижесінде 79 тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылып, 20 азаматқа сот шешімімен мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіленді. Бұл шаралар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қайталануына жол бермеуге бағытталған.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай жағдайдың куәгері атансаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз қажет. Кез келген уақытта «102» арнасы арқылы полиция қызметкерлерінен кеңес алып, көмек сұрауға болады.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1151361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді