Комитетте Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комитетте күн мен түнді теңдестірген ежелгі мерекелерінің бірі – Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шараны ресми ашқан Комитет төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова барлық әріптестерді жаңару мен жаңғыруды, үйлесімділік пен ынтымақты бейнелейтін осы жарқын мерекемен құттықтады.
Шара барысында әдемі ұлттық киімдерімен ерекшелінген Комитет қызметкерлері Наурыз мейрамының өркендеу мен молшылықты бейнелейтін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері туралы қызықты әңгімелерімен бөлісті. Мерекелік кеш керемет музыкалық бағдарламаға ұласып, ерекше атмосфераға шынайы құттықтаулар мен ізгі тілектерге толы болды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/961718?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді