
29 қаңтарда Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мынадай мәселелер қаралды:
- «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланысы торабының клиенттермен жұмысы туралы.
Айнагуль Сактагановна Зайтинова Қоғамдык кеңес мүшелеріне Федоров почта байланысы торабы көрсететін қызметтердің тізбесін; ұжымның аудан өміріне: мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шараларға, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шараларға қатысуы туралы; клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шешілмеген мәселелер туралы, оларды 2026 жылы шешу жолдары туралы жеткізді.
«Қазпошта» АҚ пошта байланысының ұжымына клиенттердің барлық ескертулері мен ұсыныстарына мұқият қарауды, пандус пен кіре беріс топты жөндеу бойынша шараларды қабылдау ұсынылды.
- ХҚКО қызметкерлерінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарымен жұмысы туралы.
ХҚКО маманы Ольга Владимировна Клуйш Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуді жақсарту бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын жеткізді: бұл үйлерге бару, І қабатта қызмет көрсету, 2026 жылға арналған жоспарлар жөнінде.
Ақпарат назарға алынды, Қоғамдық кеңес мүшелеріне мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету жөніндегі ақпаратты халыққа жеткізу тапсырылды.
- Жалғыз тұратын егде жастағы азаматтарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жүргізген жұмысы туралы.
Жалғыз тұратын зейнеткерлерге аулаларды, аула аумақтарын қардан тазартуға көмек көрсету бойынша еріктілердің жұмысы туралы ақпарат тыңдалды.
Бұл жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет.
Жастар ресурстық орталығына осы жұмысты барлық ауылдық округтерде жандандыру ұсынылды.
- Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы жұмысының қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттері.
Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы жұмысы қорытындыланды, Қоғамдық кеңестің жұмысын қалай жақсартуға болатыны, өмірлік маңызды мәселелер бойынша мониторинг жүргізу, аудан тұрғындарының барлық ұсыныстары мен тілектерін ескеру, ауылдық округтерде көшпелі отырыстарды өткізу белгіленді.
- Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын қарау және бекіту.
Жұмыс жоспары, оған қосымша мәселелер, ауылдық округтердегі көшпелі отырыстар енгізіліп бекітілді.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1151336?lang=kk

Жауап қалдыру