
2026 жылғы 29 қаңтарда Өскемен қаласы Білім бөлімі тарапынан КММ «Қосымша білім беру мектеп-орталығы» базасында «Я, ты, он, она – вместе дружная семья» жобасы аясында жыл сайынғы «Бірге болсақ – мүмкіндігіміз артады» атты шығармашылық зертхана өтті. Іс-шара «Инклюзия – қоғам арқылы әлеуметтену» бағыты бойынша ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қосымша білім беру ұйымдарында барлық санаттағы балаларды, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтенуіне, бейімделуіне және қоғамға кірігуіне ықпал ету.
Шығармашылық зертхана барысында тәжірибе алмасу алаңы ретінде қала мектептерінің тәжірибелі педагогтері (Тукболова С.Е., Меновное орта мектебі; Оралханова Ж.О., №26 орта мектеп), мектепке дейінгі ұйымдардың эстетикалық цикл педагогтері (Демидова Т.В., №11 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы) және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері (Шелкова О.Е., «Жұлдыз» балалар өнер мектебі) өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қосымша білім беру және эстетикалық цикл бойынша жетекші әдіскер Тюлюкова Ж.Н. педагогтердің жыл бойы балалардың шығармашылық дамуына, олардың әлеуметтенуіне жағдай жасау және озық педагогикалық тәжірибені арттыру бағытында атқарған жұмыстарына қорытынды жасады.
Музыкалық қоржын, шығармашылық шеберхана, баяндамалар мен ұсынылған тәжірибе алмасу формалары мазмұнды әрі пайдалы ақпаратқа толы болды. Ал №19 қосымша білім беру мектеп-орталығының вокалдық тобының шығармашылық музыкалық сәлемдесуі қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, әріптестермен кездесудің қуанышын арттыра түсті.
Әріптестер, тәжірибелеріңіз бен еңбектеріңіз үшін үлкен алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/1151309?lang=kk

Жауап қалдыру