Жедел респираторлы вирусты жұқпалары мен тұмаудың эпидемиологиялық ахуалы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы бойынша тұмау және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (әрі қарай-ЖРВИ) эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Аурушаңдылық бақылау деңгейінен аспайды. Облыс бойынша 2025жылдың 1-ші қазаннан бастап ЖРВИ-дің күнделікті монторингісі жүргізілуде. Жаңа 2025-2026 эпидемиологиялық маусымында ЖРВИ-дың 82160жағдайы тіркелді. Былтырғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда аурушандық 6 % төмендеген.

Науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар арасында 60442 тіркелді, оның ішінде 918 жағдай 1 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп отыр. Сонымен қатар,157 жүкті әйелдер ЖРВИ-ға шалдықты. ЖВРИ-мен ауыратын 1457 науқас стационарлық емге жатқызылды, оның ішінде 93 жүкті әйелдер, 148 бір жасқа дейінгі балалар.
Ауырғандардың зертханалық зерттеуінің нәтижесінде тұмаудың 204 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейігі балалар арасында- 144 жағдай (0-4 жас- 77 жағдай,5-14 жас-67 жағдай).

Тұмау-барлық жерде кездесетін өте жұқпалы вирустық инфекция. Тұмаудың тән клиникалық көріністері: дене температурасының күрт жоғарылауымен (38°C-тан жоғары), қалтыраумен, бас ауруымен, бұлшықет ауруымен, жалпы әлсіздікпен, жөтелмен бірге жүретін аурудың кенеттен жедел басталуы.
Тұмау өзінің асқынуларымен өте қауіпті: пневмония, бронхит, трахеит, отит, жүрек-тамыр жүйесінің, жүйке жүйесінің асқынулары. Тұмау көбінесе созылмалы аурулардың өршуімен бірге жүреді. Тұмау вирусы өте оңай таралады: Инфекцияның ең көп тараған жолы – ауа тамшылары. Тұрмыстық тасымалдау жолы да мүмкін, мысалы, тұрмыстық заттар арқылы. Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде науқастың немесе вирус тасымалдаушының мұрын-жұтқыншағынан патогендік микрофлорасы бар сілекей, шырыш, қақырық бөлшектері, соның ішінде тұмау вирустары шығарылады. Науқастың айналасында аэрозоль бөлшектерінің максималды концентрациясы бар ластанған аймақ пайда болады.

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін негізгі ережелерді сақтау қажет:
– тұмаудың алдын алу үшін эпидемиялық маусымға дейін (Қазан)жүргізілетін вакцинация алу ұсынылады;
– салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және үнемі жаттығулар жасау;
– адамдар көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын барынша қысқарту;
– қолды мұқият жуу;
– жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналатын орындарда бір рет қолданылатын маскаларды пайдалану;
– түшкіру немесе жөтел сияқты белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты мүмкіндігінше шектеңіз;
– бөлмені жүйелі түрде желдету және ылғалды тазалау;
– науқас адамдарды сау адамдардан оқшаулау (ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігермен кеңесу керек және науқас баланы білім беру ұйымдарына, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелерге жібермеу керек);
– өзін-өзі емдеуге болмайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1151771?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді