Наурыз мерекесі ұжымда атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2025 жылдың 20 наурызында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы  реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Салтанатты іс-шараны Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы  реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Елена Улановна Сугурова ашып, ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, денсаулық, жақсылық, жұмыста табыс тіледі.

Мерекелік атмосфераға департамент қызметкерлері киген жарқын ұлттық киімдер мен костюмдер ерекше мән берді.

Нурыз мейрамы қарсаңында Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Айзада Абзалқызы Кеменгерова «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» медалімен  марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/961759?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді