
2025 жылдың 20 наурызында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде Наурыз мейрамы мен ұлттық спорт түрлері күнін мерекелеуге арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің балаларына арналған қазақ мәдениетін насихаттауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған дәстүрлі ойындар ұйымдастырылды.
Қызметкерлердің балалары жоғары спорттық рух пен командада жұмыс істей білуін көрсете отырып ұлттық ойындарға соның ішінде асық ату, бес тас, тоғызқұмалаққа белсенді қатысты. Ойындар өтетін жерде мерекелік атмосфера құрылды, ұлттық элементтер мен ою-өрнектермен безендірілген киіз үй орнатылды, қатысушылар үшін ұлттық тағамдар дайындалды, бұл оларды қазақ дәстүрлерінің атмосферасына батыруға мүмкіндік берді.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов ұлттық дәстүрлерді жас ұрпаққа берудің маңыздылығын атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі. Ол мұндай іс-шаралар ұжымның бірлігін нығайтуға ықпал ететінін және өскелең ұрпақты елдің мәдени мұрасына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелейтінін атап өтті.
Мереке соңында ойын қатысушыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде мұндай іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналатынына және жастар арасында ұлттық спорт түрлерін танымал етуге ықпал ететініне сенімді.
#ЗАҢ_МЕН_ТӘРТІП
#ЗАҢ мен ТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/961774?lang=kk

Жауап қалдыру