
«Тараз – қауіпсіз қала» жобасының орындалуын талқылауға арналған ведомствоаралық мәжіліс отырысына қалалық мәслихат төрағасы қатысты.
Жиында жоба аясында уәкілетті органдармен атқарылған іс-шаралардың тиімділігі жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, құзырлы орган басшыларының, аудан әкімдері мен сала өкілдерінің атқарылған жұмыстары бойынша есептрі тыңдалып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Мәжіліс барысында қоғамдық қауіпсіздікті арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Басқосу аясында алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taraz/press/news/details/1151802?lang=kk

Жауап қалдыру