Терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкпекті ауданы әкімдігінде Терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс тобының отырысы өткізілді. Аудан әкімі аппаратының басшысы Дархан Бердібекұлының төрағалығымен өткен жиынға жұмыс тобының мүшелері және тиісті бөлімдердің жауапты мамандары қатысты.
Күн тәртібінде 2 сұрак қаралды. Күн тәртібіне сәйкес Заң бөлімінің басшысы Диас Серікбекұлы баяндама жасады. Заң бөлімінің бас маманы Айгерім Мұратқызы жұмыс тобы мүшелеріне орындаушылық тәртіп туралы түсіндіру жұмысын жүргіздІ.
Дархан Бердібекұлы аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бойынша түсініктеме берді.
Жұмысты ілгерлету бағытында ұсыныстар мен сұрақтар талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тисті сала басшыларына хаттамалық
тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1151181?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді