
Павлодароблысы бойынша Мемлекеттіккірістердепартаменті мемлекеттікқызметтеркөрсетужәне салық төлеушілергеақпараттық-түсіндіруқолдауынұсынуүшінқұрылғанкөшпелісервистіктоптардыңжұмысытуралыхабарлайды.
Бұл нені білдіреді?
Сервистік топтар мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілік ғимараттарынан тыс жерде қызметтерін ұсынады және салық төлеушілерге жеке тұлғалардың салық есептілігін жасауды және ұсынуды қоса алғанда, салық міндеттемелерін орындау бойынша ақпараттық-түсіндіру қолдауын көрсетеді.
Қызметтер кімге көрсетіледі?
Мемлекеттік қызметтер салық төлеушілердің мынадай санаттарына атаулы түрде ұсынылады:
– бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
– екі айдан артық уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін сырқаттары бар адамдарға;
– бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж сексен жастан асқан қарт адамдарға;
– аумақтарында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғаларға.
Шығу кестесі
Департаменттің белгіленген кестесіне сәйкес сервистік топтардың шығуы аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады.
Өтінімді қалай беруге болады
Сервистік топтың келуіне өтінімдерді қабылдау 1414 Байланыс- орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Павлодар облысы бойынша МКД-ның
мемлекеттік қызметтер басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1151213?lang=kk

Жауап қалдыру