
20 наурызда Наурызнама және «Жаңару күні» аясында Департамент қызметкерлері басшысы С.К. Ахметжанов бастауымен ағаш отырғызу және қаланы көгалдандыру бойынша экологиялық акцияға қатысты.
«Жаңару күні» – «Наурызнама» онкүндігінің алтыншы күні, табиғаттың жаңаруы мен қайта өрлеуін білдіреді. Дәл осы күні ағаш отырғызу жаңару мен бірлікті білдіретін жалпыұлттық дәстүрге айналады. Ағаш отырғызу арқылы біз экологияны жақсартып қана қоймай, болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта құруға үлес қосамыз», – деп атап өтті Департамент басшысы С.К. Ахметжанов.
«Жаңару күні» Департамент қызметкерлері қаланы өзгертіп, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға нақты үлес қосып, 20 катальпа, 10 үйеңкі және 10 қарағай, барлығы 40 көшет отырғызды.
Бұл акция департаменттің Наурызнаманы мерекелеу аясында өткізген іс-шараларының бірі болып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әлеуметтік жауапкершілік және қоршаған ортаға қамқорлық қағидаттарына адалдығын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/961885?lang=kk

Жауап қалдыру