
Отырысқа Алтай ауданы прокуратурасының прокуроры Д.В. Веселова, ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры М.А. Актанова, комиссия мүшелері (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары, қорғаншылық және қамқоршылық, мәдениет, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің өкілдері), сондай-ақ білім беру ұйымдарының директорлары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар қатысты.
Отырыс барысында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналардың өз міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты 10 жеке іс қаралды. Әрбір іс бойынша өзекті мәселелер талқыланып, қалыптасқан жағдайлардың себептері айқындалды және оларды шешу бойынша нақты шаралар белгіленді.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты қызметтер мен ұйымдарға өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен профилактикалық жұмысты күшейтуге, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1151138?lang=kk

Жауап қалдыру