Мектеп демалысы қарсаңында балалардың қауіпсіздігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының ТЖ департаменті су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

          Осындай іс – шаралардың бірі департамент қабырғасында өтті-құтқарушылар БКС байланысы арқылы өңірдің барлық мектептерімен кездесу өткізді. Тақырыбы – мұздағы оқушылардың қауіпсіздігі. Алда мектеп демалысы, балаларда бос уақыт көп болады және ересектердің бақылауы қажет болады. Ақмола облысы ТЖД УГО офицері Әмір Амангелдинов аудиторияға қауіпсіздік ережелері, су айдындарындағы тәртіп ережелері туралы айтып берді. Бұл тақырып міндетті түрде балалар мен олардың ата-аналарына жеткізілуі керек. ТЖД өкілі педагогтардың сұрақтарына жауап берді, қауіпсіздік бойынша ролик көрсетілді. Сондай-ақ, мектептерге оларды одан әрі тарату үшін жадынамалар жеткізілетіні атап өтілді.

Ақмола облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/961957?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді