«Алматыда мемлекеттік ұйымдар өкілдері үшін этика бойынша уәкілетті тұлғалар мектебі аясында оқыту өтті»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 20 наурызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті, «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қоры мен «Miliston Transformations Foundation» қорының серіктестігімен этика жөніндегі уәкілдер мектебі аясында оқыту өтті. Іс-шараға мемлекеттік ұйымдардың өкілдері белсене қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – этика қағидаттары бойынша білім деңгейін арттыру және мемлекеттік құрылымдарда тиімді этикалық стандарттарды енгізу дағдыларын дамыту болды.

Мектеп бағдарламасы этика саласындағы білімді тереңдетуге, кәсіби мінез-құлықтың негізгі принциптерін түсіндіруге және ұйымдарда этикалық стандарттарды сақтау үшін тиімді әдістерді енгізуге арналған. Қатысушылар қазіргі заманғы этикалық жүйелерді құру және қолдау бойынша әдістермен танысып, кәсіби этиканың негізгі принциптерін, қақтығыс жағдайларын шешуді және этикалық нормаларды сақтау бойынша бақылау құралдарын енгізуді үйренді.

Оқуға қатысушылар халықаралық озық тәжірибені зерттеуге, мемлекеттік қызметте этикалық стандарттардың сақталуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ мінез-құлық нормалары мен жұмыстың ашықтығын тиімді бақылау құралдарымен танысуға мүмкіндік алды.

           «Мемлекеттік ұйымдарда этикалық стандарттарды енгізу – ашық, айқын және жауапты мемлекеттік қызметті қалыптастырудағы маңызды қадам. Бұл оқыту мамандардың біліктілігін арттырып, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді», – деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша департавментінің превенция Басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев атап өтті. Ол сондай-ақ этика жөніндегі уәкіл институтын іс жүзінде тиімді жүзеге асыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Этика бойынша уәкілетті тұлғалар мектебі аясындағы оқыту мемлекеттік ұйымдарда этикалық стандарттарды сақтау мәдениетін нығайтудың маңызды қадамы болды. Бұл оқыту мемлекеттік құрылымдардың жұмысын жақсартуға, олардың ашықтығын арттыруға және тұрғындар тарапынан сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

 

 

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢ мен ТӘРТІП

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/961960?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді