
⚜️ 20 наурыз күні Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен, №7 өрт сөндіру бөлімінің аумағында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» мерекесі өткізілді.
⚜️Іс-шара барысында жеке құрам қызметкерлері жауынгерлік киіммен қатар ұлттық киім киіп, аудан тұрғындарын Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтады. Бұл мереке елдің бірлігі мен рухани құндылықтарын дәріптеуге бағытталғанын атап өткен қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/962028?lang=kk

Жауап қалдыру