
Отырыс күн тәртібіне сәйкес Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мен облыстық қаржы басқармасының және облыстық экономика басқармасының “Маңғыстау облысында бюджет кірістері жөнінде ақпарат және жаңа Салық кодексі жөнінде түсінік беру” тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.
Кеңес отырысында 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер, сондай-ақ облыстың 2025 жылғы бюджеттік кірістерінің орындалысы және 2026 жылға арналған кірістер жоспары қаралды.
Отырыс барысында жаңа Салық кодексіне енгізілген басты жаңашылдықтар туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, қосылған құн салығын реформалау, салық мөлшерлемелерін саралау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, қызмет көрсету моделіне көшу және салық есептілігі нысандарын 30 пайызға қысқарту көзделіп отыр.
Сонымен қатар, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16 пайызға дейін өзгеретіні, ҚҚС бойынша тіркеу шегінің төмендетілгені, медицина саласына жеңілдетілген мөлшерлемелер енгізілетіні атап өтілді. Жеке табыс салығы бойынша прогрессивті шкаланың қолданылуы, әлеуметтік салық мөлшерлемесінің 6 пайызға дейін төмендетілуі, сондай-ақ көлік, жер және мүлік салықтары бойынша жеңілдіктер қарастырылғаны айтылды.
Кеңес отырысында 2025 жылғы жергілікті бюджеттің кірістерінің орындалысы туралы баяндалып, кірістердің толық орындалмау себептері түсіндірілді. Сонымен бірге, 2026 жылға арналған жергілікті бюджет кірістерінің көлемі 413,9 млрд теңге болып бекітілгені және кірістер құрылымындағы негізгі салық көздері таныстырылды.
Қоғамдық кеңес мүшелері көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, жаңа Салық және Бюджет кодекстерінің өңір экономикасына ықпалына қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-oblysy/press/news/details/1151072?lang=kk

Жауап қалдыру