
2026 жылдың 26-30 қаңтар аралығында азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Е.Нарбаев, А.Төлегенова, Б.Еркебаев, А.Мұсабаева, Ә.Әбіләзім, Р.Ысқақова, Т.Мақаш және Ж.Жарасбаев қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына және тағы басқа мәселелер көтерілді:
– Тасбогет кентін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында қосымша насос қондырғысын орнату және кенттегі орталық бейітке баратын жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу;
– Тасбөгет кентіндегі қоғамдық көлік қатынайтын К.Әбенов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;
– Балаларының науқастануына байланысты дәрі-дәрмек алуға қаржылай көмек;
– «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында «Шұғыла» мөлтек ауданы № 52 көпқабатты тұрғын үй орналасқан ауланы аяқ сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу;
– «Арай» тұрғын ауданындағы Сақпанов, Алпамыс көшелеріне жарық шамдарын орнату және осы аумақтағы қаңғыбас иттерді жою;
– Қосшыңырау ауылдық округіндегі ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуі және салауатты өмір салтын қалыптастыруы үшін жабық спорт кешенін салу;
– Байқоңыр көшесіне жаяу жүргінші жолын салу мәселесі.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасалатындығы жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1151955?lang=kk

Жауап қалдыру