Ауданда “Taza Qazaqstan” экологиялық акциясы аясында көркейту жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданды абаттандыру жұмыстары бюджет көздерінен және бюджеттен тыс демеушілік арқылы атқарылуда. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.
– Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан “Taza Qazaqstan экологиялық акциясы аясында санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл бойына 17500 дана көшет отырғызылып, 8000 тонна қалдық шығарылды.Тереңөзек кентінде 465 млн. теңгеге тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауға арналған полигон пайдалануға берілді. Өткен жылы полигонда 3780 тонна қалдық сұрыпталды.
Аймақ басшысының бастамасымен төртінші рет өткізілген облыстық «Үлгілі елді мекен» байқауының нәтижесінде Нағи Ілиясов ауылы бірінші орынды жеңіп алып, 2 арнайы техникамен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Іңкәрдария ауылын абаттандыруға 15 млн. теңге сертификат табысталды. Үлгілі елді мекен – Нағи Ілиясов ауылы республикалық «Үздік туристік ауыл – 2025» номинациясын жеңіп алып, Қазақстандағы 5 туристік елді мекендер қатарына енді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен құны 174 млн. теңгеге Тереңөзек кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында құны 73 млн. теңгеге аудан орталығында 6 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өткізілді.Жалпы, өткен жылы аудандық бюджеттен бөлінген 535 млн. теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Тереңөзек кенті және Асқар Тоқмағанбетов ауылында ұзындығы 22 шақырымды құрайтын 14 көшеге аудандық бюджеттен 418 млн. теңге бөлініп, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Айдарлы, Жетікөл, Қоғалыкөл, Асқар Тоқмағанбетов, Қалжан ахун ауылдарында 116 млн. теңгеге ойын алаңдары салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады , – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-shirkeili/press/news/details/1150943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді