Дүниежүзілік сайлау күнінің қарсаңында «Еркін таңдау бар жерде ғана тәуелсіз сайлау бар ма?» атты пікірсайысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28.01.2026 жылы қаладағы №33 жалпы білім беретін мектебінде Дүниежүзілік сайлау күнінің қарсаңында жас ұстаздар арасында «Еркін таңдау бар жерде ғана тәуелсіз сайлау бар ма?» атты пікірсайысы өтті.

Жас ұстаздар 4 топқа бөлініп, тақырыпты «Үкімет» және «Оппозиция» бағыттарында пікірталас форматында талқылады. Әр топ өз позициясын жетік білдіріп, «Төрешілер» топтардың дәлелдерін бағалады. Әр команданың тарихи мысалдарды, сайлау деректерін, фактілерді, сондай-ақ логикалық дәлелдерді қолдана отырып, өз дәлелдерін құра білді.

Бұл іс-шара нақты саяси тәжірибеде сайлаудың тәуелсіздігі мен таңдау еркіндігі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ пікірталастарда бұл тепе-теңдіктің әр түрлі жағдайда қалай көрінетінін, сондай-ақ ашықтық пен барлық азаматтардың процеске қатысуы қаншалықты маңызды екенін атап өту маңызды болды.

Іс-шара соңында пікірсайысқа қатысқан топтар марапатталып, алғыстарын білдірді.

 

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1150832?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді