
2026 жылғы 28 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі ШҚО нотариаттық палатасының төрайымы Ж.Бидельманованың қатысуымен облыс нотариустарына «Атқарушылық жазбалар және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында қаржылық мониторинг жүргізуді және атқарушылық жазбаларды жасау бөлігінде заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер талқыланды.
Жекеше нотариустардың атқарушылық жазбаларды жасау кезінде жиі жүйелі жол берілетін бұзушылықтардың негізгі санаттары, сондай-ақ нотариустармен нотариаттық әрекеттерді орындау кезінде ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жұмыс істеу ««Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытыныдысы бойынша қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1150828?lang=kk

Жауап қалдыру