“Спасское-Агро” ЖШС-де өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс сапары аясында Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Максимовка ауылдық округіне барып, «Спасское Агро» ЖШС шаруашылығын аралады. Кәсіпорын өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы саласында қызмет атқарып, барлық бағыттар бойынша тұрақты дамуды көрсетіп отыр.
Бүгінгі таңда шаруашылықтың екі бөлімшесінде 150 бас аналық ірі қара мал ұсталып отыр, ал алдағы уақытта бұл көрсеткішті 300 басқа дейін арттыру жоспарлануда. Бұл жалпы ірі қара мал санын көбейтуге мүмкіндік береді. «Спасское Агро» ЖШС-нің егіс алқабы 7 898 гектарды құрайды. Мал шаруашылығын дамыту және мал азықтық дақылдарды өсіруді ескере отырып, шаруашылықта егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде. Егіс құрылымында майлы дақылдар — күнбағыс, зығыр, рапс, сондай-ақ бұршақ тұқымдас дақылдар, оның ішінде жасымық қарастырылған.
Егіс науқанын жүргізу үшін қажетті тұқым қоры толық көлемде қамтамасыз етілген және алдын ала сапа тексеруінен өткен. Тұқым материалын жаңарту мамандандырылған тұқым шаруашылықтарынан сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар аудан әкімі машина-трактор шеберханасының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта онда ауыл шаруашылығы техникаларын көктемгі егіс жұмыстарына дайындау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, шеберханада қосымша түрде көше қоршаулары мен әлеуметтік нысандарға арналған қоршауларды дайындау жолға қойылған.
Егіс жұмыстарын жүргізу үшін 6 егіс кешені, 6 «КамАЗ» автокөлігі, 6 трактор, 1 «Horsch» маркалы бүріккіш және 3 культиватор жұмылдырылатын болады.
Шаруашылық заманауи технологиялар мен жаңа білімдерді белсенді түрде енгізіп, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етуде. Кәсіпорынды дамытуға бағытталған кешенді тәсіл тек өсімдік және мал шаруашылығын ғана емес, сондай-ақ халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарын қолдауды да қамтиды. Атап айтқанда, қоғамдық табынды жаюды ұйымдастыру үшін «Спасское Агро» ЖШС жыл сайын 4 асыл тұқымды бұқа, сондай-ақ малшыларға арналған 2 жылқы береді.
2025 жылы жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал саны 190 басты құраса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 230 басқа жетті. Жүйелі, әрі ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде ЖҚШ-дағы мал басы 40 басқа артты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1150826?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді