Мойынқұм ауданында цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жұмыстары күшейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы елімізде Цифрлық даму және жасанды интеллект жылы болып жариялануына орай Мойынқұм ауданында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан көлемінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, құжат айналымын оңтайландыру және жаңа технологияларды енгізу арқылы тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру басты назарда.

Цифрландырудың арқасында қағазбастылық азайып, қызмет көрсету үдерістері жеделдей түсуде. Бұл уақытты үнемдеуге, жұмыс тиімділігін арттыруға және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект құралдары адам еңбегін алмастыруды емес, керісінше мамандардың уақытын үнемдеп, талдау, жоспарлау және халықпен кері байланысты жетілдіру сияқты маңызды бағыттарға басымдық беруге жағдай жасайды.

Алдағы кезеңде ауданның цифрлық әлеуетін күшейту, қызмет көрсету сапасын көтеру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану негізгі міндеттердің бірі болып қала береді. Дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра отырып, Мойынқұм ауданы болашаққа сенімді қадам жасауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1150816?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді