
2026 жылғы 27 қаңтарда Петропавл қалалық сотында интернет ресурстары арқылы аса ірі көлемде психотроптық заттарды сатқаны және оларға жарнама жасағаны үшін айыпталған Қызылжар ауданының 27 жасар тұрғынына қатысты үкім жария етілді.
Сотталған алдында бірнеше рет синтетикалық және психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, бірақ та өзі үшін тиісті қорытынды шығармаған және өзінің қылмыс әрекетін жалғастырған.
2025 жылғы шілдеде сотталған «Телеграмм» мессенджерінде өзінің есірткі дүкенін құрған, онда өзінің психотроптық және синтетикалық заттарына жарнама жасаған, артынан «жасыру» арқылы Петропавл қаласының аумағында өткізген.
2025 жылғы тамызда сотталған облыстың Полиция департаментінің Есірткі қылмысымен күрес бойынша басқарма қызметкерлерімен ұсталды.
Өкінгенін және тергеуге белсенді әрекет еткенін ескере отыра, есірткі өндіруші жазаны өтеу орны бойынша есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеумен 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Прокуратура органдарымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және жастар арасында профилактика мақсатында көрсетілім процесі ұйымдастырылды.
Онлайн режимінде процесті қала және облыс аудандарының 20 колледжінің студенттері хабар тарату арқылы қарады.
Бірінші рет бір уақытта арнайы білім беру мекемелерінің 87% қамтылды, 900-ден астам студентке есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін салдары көрсетілді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1150790?lang=kk

Жауап қалдыру