📢 АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 28 қаңтар күні сағат 12:00-де, аудан мамандарының қатысуымен Ашық есік күні өтті. Қаратал ауданның кәсіпкерлік бөлімі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, сондай-ақ мансап орталығының мамандары қатысты.
📍 Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған келесі мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат алып, сұрақтарына жауап алды:
🔹 «Ауыл аманаты», «Агробизнес», «Кең дала» – ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несие бағдарламалары
🔹 Мансап орталығының жобалары («Күміс жас», қоғамдық жұмыс, жастар практикасы)
🔹 Декларация тапсыру тәртібі және Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қатысты өзекті мәселелер
Кездесу еркін форматта өтіп, тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1150774?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді