Атыраудың бас полицейі Ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев өңірдегі ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өткізді. Тағылымы мол жиын барысында ардагерлердің ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуындағы рөлі, сондай-ақ олардың өмірлік және қызметтік тәжірибесінің маңызы кеңінен сөз болды.
Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек еткен ардагерлердің көпжылдық қызметі бүгінгі полиция жүйесінің берік іргетасына айналғаны атап өтілді. Сонымен қатар, департамент жанынан құрылған Тәлімгерлер кеңесінің жас қызметкерлерге бағыт-бағдар берудегі, адалдық, тәртіп пен елге қызмет ету секілді басты құндылықтарды олардың бойына сіңірудегі маңызы ерекше екені айтылды.
Кездесу барысында ардагерлер Департаменттің жаңа басшысына артылған жауапты қызметінде сәттілік тілеп, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жұмысына қолдау білдірді. Өз кезегінде департамент басшылығы жас буынға үлгі болып жүрген ардагерлерге алғысын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1150762?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді