
Мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Смағұлов Айбол Рахымғалиұлының төрағалығымен бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы өтті.
Депутаттар кәсіпкерлік бөлімі басшысының инвестициялық жобаларды іске асыру туралы және Жітіқара ауданының ветеринариялық станциясы басшысының 2025 жылғы жұмысы туралы есебін тыңдады.
Отырыс жұмысына тұрақты комиссия мүшелері, Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты. Комиссия тиісті қаулыларды бекітті және ұсынылған есептерді назарға алды, ұсынымдар берілді. Талқылау қорытындысы бойынша ветеринарияға қатысты депутаттық сауал жіберу туралы шешім қабылданды. Төраға мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, отырыстың барлық қатысушыларына жұмыс үшін алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1150768?lang=kk

Жауап қалдыру