«21-ғасыр – Қауіпсіз жол көшбасшысы»: Атырауда интеллектуалды сайыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Әл-Фараби атындағы Binom school мектеп-лицейінде «21-ғасыр – Қауіпсіз жол көшбасшысы» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы ережелері бойынша білімін арттыру және қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру. Сайыс барысында қатысушылар логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Сайысқа 13-14 жас аралығындағы оқушылар қатысып, өзара бақ сынады. Оқушылар жол қозғалысына қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, практикалық тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде Әбілмансұр Бауыржан жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Нұршат Муханбетова ІІ орынға ие болды. Ал білім мен тапқырлықтың жоғары деңгейін көрсеткен Даниял Руслан сайыстың жеңімпазы атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табысталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Іс-шара барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерінің маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, жол қауіпсіздігіне байланысты профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1150757?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді