Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы: ЖИ-технологияларын енгізу компаниялардың өнімділігін 20-40%-ға арттыруға мүмкіндік береді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жасанды интеллектіні енгізу жеделдеп, оның бизнес өнімділігіне ықпалы өсе түскен шақта ЖИ саласында терең құзыреті бар кадрларды даярлау ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл туралы KPMG-нің Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі басқарушы серіктесі Сәкен Жұмашев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жасанды интеллектіні белсенді қолданатын компаниялар деректерді сапалырақ талдау және басқару шешімдерін қабылдау арқылы анағұрлым артықшылықтарға ие болады.

💬

Егер біз жасанды интеллект қолданатын компанияларды қарастыратын болсақ, онда олар бүгінгі күні басқа ұйымдарға қарағанда 20-40% өнімді жұмыс істеуде. Олар компания ішіндегі жағдайға жан-жақты қарап, сол арқылы бизнес үшін дұрыс data-driven шешімдерін әзірлей алады

💬

, — деп атап өтті Сәкен Жұмашев.

Ол ЖИ-мен жұмыс істеудің advanced-дағдыларын дамыту және озық халықаралық тәжірибелерді енгізу Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі шарттары екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы деп жариялады.Елімізде жасанды интеллект технологияларын экономиканың негізгі салаларына енгізуге бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1150660?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді