
Жергілікті мәслихат аппараттары өкілдері мен депутаттар, саяси партия және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі.
Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Сайполұлы жергілікті мәслихат аппараттары өкілдері мен депутаттар, саяси партия және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өтті.
Жиын барысында азаматтардың сайлау құқығы, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың маңызы мен олардың қоғам өміріндегі рөлі туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар демократиялық құндылықтарды нығайту, халықтың саяси белсенділігін арттыру бағытындағы ой-пікірлерімен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/press/news/details/1151997?lang=kk

Жауап қалдыру