
2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 19 мекенжайындағы Мәдениет үйінің ғимаратында «Халық заңгері» акциясы өтеді!
Аудан прокуратурасының, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ адвокаттар мен нотариустар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді, білікті ұсыныстар береді және сізге көмектеседі.
Толық және дәлірек ұсыныстар алу үшін өз ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге алып келіңіз.
Онлайн сұрақтар қоюға болады.
Біз, құқықтық көмекке мұқтаж азаматтардың барлығын күтеміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/press/news/details/1150649?lang=kk

Жауап қалдыру