
Жамбыл облысы бойынша Республикалық ветеринариялық лаборатория филиалында «Тәртіпті өзіңнен баста» принципін насихаттауға арналған кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және зертхана қызметкерлері арасында белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға назар аудару болды.
Кездесу барысында департаментінің бас маманы А.Ажибаев әрбір қызметкердің заңдылықты сақтау мен тәртіпті қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбірімізден басталатынын айтты. Сондай-ақ кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, парасаттылық мәдениетін дамыту және заң нормаларын барлық деңгейде сақтау маңыздылығы аталып өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/962399?lang=kk

Жауап қалдыру