
Бірінші қыркүйекте Қарағанды облысында қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырыс бойынша пилоттық жоба басталды. Жоба облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтыды. Балаларға қосымша білім беруді қаржыландырудың жаңа үлгісі ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ететін және тиімсіз шығындарды болдырмайтын ваучерлер жүйесін қарастырады.
Негізгі мақсат – бюджет қаражатының ашық бөлінуін қамтамасыз ету, қайталанатын және жалған шығындарды жою, сондай-ақ балалардың барлық санаттарына қосымша білім алуға тең қол жетімділікті қамтамасыз ету.
Бақылау үшін балаларға қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру аясында пилоттық жобаны іске асыру бойынша мониторингтік комиссия құрылды. Шахтинск қаласынан комиссия құрамына Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты Н.А. Наумова, Шахтинск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы А.И. Минлибаев, Шахтинск қаласы білім бөлімінің әдіскері С.С. Сагадиева кірді.
17-24 қаңтары аралығында аталған жобаға қатысатын жеке ұйымдардың қызметін бақылау мақсатында комиссияның кезекті шығуы жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда бұл 6 ұйым жалпы 300 бала қамтитын болады. Қызмет түрлері: бейнелеу өнері, шахмат, дзюдо, жүзу, спорттық гимнастика.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1150599?lang=kk

Жауап қалдыру