
Бүгін, Ақтау қаласы әкімі жанындағы Аналар кеңесі облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып тоғызқұмалақ ойынын ұйымдастырды.
Наурызнаманың онкүндігі аясында Ұлттық спорт күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілері тоғызқұмалақ ойынын ойнап, өзара бақ сынады. Ақтау қаласы әкімі жанындағы Аналар кеңесі балаларға арнайы барып, ұлттық құндылықты дәріптеді.
-Ұлттық спорт ойындар күні аясында Тоғыз құмалақ және басқа да ойындарды балалармен бірге ойнап оларға сыйлық тартып тәттілер әкелдік. Наурыз құтты болсын!, – деді Аналар кеңесінің төрағасы Гүлзира Есетова.
Өз кезегінде облыстық балалар үйінің директоры аналар кеңесіне ризашылығын білдіріп, жұртшылықты наурыз мерекесімен құттықтады.
-Аналар кеңесіне ұжымның атынан, өзімнің атымнан рақмет айтамын. Ел аман болсын, Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын!, – деді отбасылық үлгідегі балалар үйінің директоры Айгул Байбатырова.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/962467?lang=kk

Жауап қалдыру