
«Осы уақытқа дейін мұндай орталықтар негізінен Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі университеттерде ашылды. РФММ оқушыларының оқыту мен технологиялық даярлығының жоғары деңгейі Apple мойындаған білім беру деңгейінің бірегей үлгісі болды», — деп атап өтті iTeacher Academy (Apple Authorized Reseller) негізін қалаушы Юлия Андреева.
8-9 сынып оқушыларына арналған сабақтар аптасына екі рет өтеді. Курс барысында оқушылар бағдарламалаудың негіздерін, мобильді қосымшалардың құрылымын үйреніп, өздерінің IT-жобаларын жасайды. Сондай-ақ, олар Swift Student Challenge сияқты халықаралық Apple байқауларына қатысу мүмкіндігін алады. Бастауыш сынып оқушыларына Apple экожүйесімен танысу және негізгі цифрлық дағдыларды меңгеруге арналған курстар ұйымдастырылған.
«Қазақстанда AATCE орталығының ашылуы – цифрлық білім беруді дамытудағы маңызды қадам. Ол оқушыларымыздың әлемдік үздік білім беру стандарттарына қол жеткізуіне жол аша отырып, өңірлік деңгейде IT дайындығы саласындағы көшбасшылықты нығайтуға серпін береді», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.
Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстан мектептерінде білім беру жүйесін цифрландыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ұлттық бастамалар аясында мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды, мектептердің 95,2%-да интернетке қолжетімділік сапасы айтарлықтай жақсартылды, цифрлық білім беру платформалары енгізілуде, оқу процесіне жасанды интеллект элементтері интеграциялануда. Бұл шаралар білім сапасын арттыру және оқушыларды цифрлық болашақтың сын-тегеуріндеріне дайындауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/962497?lang=kk

Жауап қалдыру