Үйлестіру кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылдың 28 қаңтарында ШҚО 2025 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыру мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі өтті. Қеңеске ШҚО ДСБ басшысы, облыстың медициналық мекемелерінің басшылары және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Кеңес отырысында туберкулез бойынша 2025 жылғы эпидемиологиялық жағдай, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар мен өзекті мәселелер талқыланды.
Департамент басшысының орынбасары С.Слямғазина туберкулез жағдайлары бойынша 2025 жылы жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері (жүргізілген іс-шаралар, анықталған бузушылықтар бойынша қолданылған әкімшілік шаралар және т.б.), қарым – қатынаста болғандардың арасында тіркелген аурушаңдық туралы баяндама жасады.
Аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді қадағалау бөлімінің басшысы Б.Ашимханова қарым- қатынаста болған тұлғалар диагностикалық тексеру мен профилактикалық ем алудан бас тартқан жағдайда қолдатылатын әкімшілік шаралар және іс- әрекеттер алгоритмі туралы айтып кетті,
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Кеңес отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданып, тапсырмалар берілді.с

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1150501?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді