
Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жасөспірімдердің оқу үдерісі мен тәрбиесін жақсарту және денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу болып табылады.
2025 жылы Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына бақылауды жүзеге асыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілді. Санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына, зертханалық-аспаптық зерттеулердің нәтижелеріне, балалар мен жасөспірімдерді тамақтандыруды ұйымдастыруға, объектілердің санитариялық-техникалық жай-күйіне жүйелі түрде мониторинг жүргізілді.
Сонымен қатар, білім беру және тәрбиелеу объектілерінде соматикалық және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ұйымдастырушылық, ақпараттық-ағарту іс-шаралары жүргізілді: мүдделі ұйымдарға 1454 ақпарат жолданды, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде 15 өзекті мәселелер тыңдалды объектілердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен бақылауда тұрған объектілердің қызметкерлері үшін 102 семинар мен конференция, сондай-ақ «жалпыға бірдей құқықтық оқыту» шеңберінде 12 семинар ұйымдастырылды.
Жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштеріне уақытылы ден қою ерекше бақылауда. 2025 жылы балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мәселелері бойынша 49 өтініш қаралып, 195 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ақпараттық-ағарту жұмысы аясында есепті кезеңде газеттерде 65 мақала жарияланды, радио кабиналарда 26 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және оқу үдерісін жақсарту және тәрбиелеу мәселелері бойынша 490 дәріс және 3801 әңгіме оқылды. Білім беру тәрбиелеу объектілерінде және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандар 70 брифинг, 23 дөңгелек үстел, 127 ашық есік күнін келушілерге түсіндіру мен өткізуге қатысты. 2025 жылы Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында 55 жарияланым, әлеуметтік желілерде 827 пресс-релиз, орналастырылды.
2025 жылы бақылауда 1842 балалар мен жасөспірімдер объектілері, олардың 1662-і ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізілген тәуекел дәрежесі жоғары объектілер және 180-ы тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылмаған объектілер болды.
Жалпы, өткен жылы білім беру және тәрбиелеу объектілеріне 71 тексерулер жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 3 млн. теңгеден астам сомаға 36 айыппұл салынды, Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1150490?lang=kk

Жауап қалдыру