СҚО-да полицияның бір күндік профилактикалық жұмысының қорытындысы шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 28 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысының аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық шаралар өткізілді.

Іс-шараға барлығы 486 адам тартылды. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, пробация қызметінің өкілдері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, еріктілер мен қоғам белсенділері болды.

Профилактикалық жұмыс барысында полицейлер тұрғылықты мекенжайлар бойынша 664 есепте тұрған адамды тексерді. Олардың ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, әкімшілік қадағалауда тұрғандар, алкоголизм мен нашақорлық бойынша есепте тұрғандар, сондай-ақ қолайсыз отбасылар бар.

Есептегі контингент тарапынан 20 құқық бұзушылық анықталды. Тиісті шаралар қабылданып, қорғау нұсқамалары шығарылды, сондай-ақ құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 12 ерекше талап белгіленді. Аталған талаптар алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын тұтынуға тыйым салуды көздейді.

Әкімшілік жауапкершілікке 92 құқық бұзушы тартылды. Олардың басым бөлігі қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу және мас күйінде жүру, ұсақ бұзақылық және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапқа тартылған.

Сонымен қатар «алкоголик» санаты бойынша 8 адам профилактикалық есепке қойылды. Мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы сотқа 14 материал жолданып, оның 5-еуі қанағаттандырылды, 4 адам медициналық ұйымға жатқызылды.

Іс-шара барысында тұрақты мекенжайы жоқ 2 адам және 2 кәмелетке толмаған анықталды. Олардың бірі Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы 13 ұсыныс енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстың жалғасып жатқанын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1150478?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді