Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары А. Б. Әміренованың төрағалығымен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында білім беру ұйымдарында, дербес оқу орталықтарында, сондай-ақ кәсіпорындар мен қауымдастықтарда жұмыссыздар үшін 2026 жылға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын келісу туралы мәселе қаралды.

2026 жылға қысқа мерзімді оқытуға – 300 адамды жіберу жоспарлануда (оқу ұйымдарында жұмыс берушілердің өтініші бойынша – 220 адам; жұмыс берушінің жұмыс орнында – 80 адам).

Күн тәртібі бойынша Ақмола облысының білім басқармасы мен “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері сөз сөйледі. Талқылау шеңберінде сұранысқа ие кәсіптер мен мамандықтар бойынша оқыту құнының есептері ұсынылды, сондай-ақ мүдделі тараптардың ұсыныстары ескерілді.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия 2026 жылы қысқа мерзімді оқытуды уақтылы ұйымдастыруға және өңір халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар берді.

Анықтама: 2025 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді оқытумен 419 адам қамтылды. Оқыту аспаздар, тігіншілер, тракторшы-машинистер, электр газбен дәнекерлеушілер, слесарлар, шаштараздар, косметологтар және басқаларды қоса алғанда, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1152031?lang=kk