
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Әкімшілік полиция басқармасының бастамасымен 28 қаңтар күні қаладағы №13 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары Полиция департаментіне барды.
Іс-шара барысында оқушыларға департамент ғимараты мен ведомстволық музей бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Жасөспірімдер полиция қызметінің ішкі жұмыс үдерістерін көріп, әртүрлі бөлімшелердің қызмет бағыттарымен танысты.
Оқушылар музейдегі тарихи жәдігерлерге ерекше қызығушылық танытып, облыс орталығында алғаш орнатылған бағдаршамды және жол полициясы инспекторлары пайдаланған «Урал» мотоциклін тамашалады.
Экскурсия соңында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1152095?lang=kk

Жауап қалдыру