Конституцияның жаңа редакциясы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конституциялық комиссия барлық түскен ұсыныстар мен талқылаулар негізінде өзара келісілген және Конституция мәтініне енгізілген түзетулердің жинақталған жобасын дайындады.

Ұсынылып отырған жобада Кіріспе, 11 бөлім және 95 бап бар (қолданыстағы редакцияда – Кіріспе, 9 бөлім және 101 бап).

Екі жаңа бөлім енгізілді: «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу».

Төрт бөлімнің атауы өзгерді: · «Жалпы ережелер» – «Конституциялық құрылыс негіздері»; · «Адам және азамат» – «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер»; · «Парламент» – «Құрылтай»; · «Соттар және сот төрелігі. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» – «Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері».

77 бапқа түзету енгізілді, бұл Конституция мәтінінің 84 пайызын құрайды.

Осылайша өзгерістер мен толықтырулар Негізгі заңның барлық бөлімін қамтиды.

Бөлімдердің атауларын өзгерту немесе баптардың тұжырымдарын нақтылау – жай редакциялық түзету емес, бұл тұжырымдамалық тәсілді жаңартатын, құқықтық нақтылықты күшейтетін және Негізгі заңның сапасын арттыратын терең ойластырылған қадам.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңға сәйкес, егер нормативтік құқықтық актінің мәтініне оның жартысынан астамын қамтитын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілсе, оның жаңа редакциясы қабылданады.

Осыны, сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістердің ауқымы мен мазмұнын ескере отырып, қазіргі заман талабына, қоғам қажетіне және мемлекеттің стратегиялық даму мақсатына сай келетін Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын қабылдау орынды әрі негізді болды.

Демек, сөз жекелеген түзетулер туралы емес, Негізгі заңның мазмұны мен тұжырымдамалық негізін түбегейлі өзгертетін терең конституциялық жаңғырту туралы болып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1152187?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді