
Өскеменде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, тәжірибелі спортшылар мен әуесқойларды бір алаңға жинады.
Жарыс бағдарламасына: қазақ күресі, арқан тартыс, асық ату, қол күресі, бағанаға өрмелеу, өгіз көтеру, таяқ тартыс, гір көтеру, ләңгі ату.
Жарыстар достық пен адал бәсеке атмосферасында өтті. Қатысушылар күш, төзімділік пен шеберліктерін көрсетті.
Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жас ұрпаққа ата-баба мұрасын насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/962665?lang=kk

Жауап қалдыру