МӘЖІЛІСТЕ БӨЛІМДЕРДІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданында аудан әкімі орынбасары Серік Сәдібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында кәсіпкерлік, жер қатынастары, құрылыс-сәулет және ауыл шаруашылығы салалары бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2026 жылға арналған жоспарлар қаралды.
Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін негізгі бағыттар бойынша бөлімдердің атқарған жұмыстары тыңдалды. Әр сала бойынша орындалған көрсеткіштер, іске асқан жобалар, кездескен мәселелер және алдағы кезеңге қойылған міндеттер талқыланды.
Мәжілісте кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Шакиров Сұлтанғали 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Жер қатынастары бөлімінің басшысы Патсаев Асылбек Мұхтарұлы жер саласы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін және алдағы міндеттерді таныстырды. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сұлтанмұрат Нұрмұхаммед Қайратұлы құрылыс саласындағы орындалған жұмыстар мен жоспарланған жобалар туралы ақпарат берді.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Насыр Ербол Нұрланұлы саладағы көрсеткіштер мен 2026 жылға жоспарланған жұмыстарды баяндады.
Мәжіліс қорытындысы бойынша бөлімдерге 2026 жылға арналған жоспарларды нақтылап, нәтижеге бағытталған жұмыстарды күшейту міндеттелді. Тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны айтылды.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1152318?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді